Сырласу.
Түсін мені, мен сені түсінейін,
Қап жатсада тұрмыстың көші кейін.
Адырнадан арам ой сусымасын,
Кешір мені, мен сені кешірейін.
Түн келейін, тым мейлі кеш келейін,
Сенің айқай-шуыңды естімейін.
Қайдан келдің?- деп маған сұрақ қатпа,
Біз тоқтатып алмайық көшті кейін.
Қақарыңа қадірсіз көнсін мейлі.
Таң атқанша қыдырып жүрсін мейлі,
Еркектерді әйелдер түсінгенмен
Әйелдерді еркектер түсінбейді.
Еркек біткен шығатын төр іздеп жүр.
Бақыт деген өлкеден гүл іздеп жүр
Сағатыңа қарада сырласым- ау.
Еркек келген уакытты сегіз деп біл.
Сендегі арман білемін мендеде бар.
Тек өзіңсің деп білем мені ұғар.
Еркек біткен шықса егер Эвереске
Басбалдақ боп артынан әйел тұрар.
«Бала бағу» бұл жайлы ойламайды.
Құнтағына құндызын орамайды.
Қинасада бұл өмір шыдап бағар.
Ал әйелі кинаса шыдамайды.
Сәті келсе сабағы инеменен.
Дос емеспін, арақ, шарап виноменен.
Жөні түзу адамша жөн сұрасаң
Болмайды сондықтанда кино деген.
Қолдан келсе көмек қып әрбір досқа.
Сыйластықсыз өтпесін өмір босқа.
Басқа қыз да, әйел де керек емес,
Бұл өмірде жарығым сенен басқа.
Ерікті бер төзім мен тағатыңа.
Сені қорған қыламын қанатыма
Сенсіз өткен уақытқа бас ұрып мен,
Қарағымда келмейді сағатыма.
Мендік көңіл шын өмір көрсем дейді.
Қол ұстасып сенімен жүрсем дейді.
Мендік сезім Қалқажан білесінбе?
Ешқандай өлшеменен өлшенбейді.
Өлшенбейді қайталап сұрамашы.
Ойлегімен өмірді аралашы.
Барлық еркек кетпейді ессіз болып
Өсіп келе жатқанда шаранасы.
Жанарыңнан салқындық білінбесін.
Қабағыңда қатулы көрінбесін.
Сезім жайлы егерде ашсам сырды,
Сен менің жүрегімнің төріндесін.
Сүйемін сені!
Т.Ж.